3 мамыр күні «Петровка орта мектебі» КММ 7-мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік сайыс өтті. Бұл сайысқа 1-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар патриоттық әндер орындап, саппен жүру тәртібін көрсетті. Мерекелік сайыс өте әсерлі болып, жоғары деңгейде өтті. Еліміздің Ер азаматтарын осы атаулы мерекемен құттықтаймыз! Отанға адал,елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Еңбекте табыс тілейміз. Отанның, ел-жұрттың мақтаны болыңыздар. Елімізде бейбітшілік болсын!