ВЕТЕРАНЫ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ТРУДА

 

Сакенова Канат Сагындыковна

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралып,өнегесінен барлық шәкірт нәр алған,кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратын,өзі үшін емес өзгелер үшін,жас ұрпаққа және әріптестеріне,еліне,ұлтына берер пайдасы мол,бала бойындағы қабілетті ұштап,шәкірттердің сүйікті ұстазына айналған жанның бірі, құрметті ұстаз, қадірлі де асыл екі қыздың анасы,зейнеткерлік жасқа жетіп, Петровка орта мектебінде еңбегін сіңірген,қазақ тілі пәнінің ардагер ұстазымыз Сакенова Қанат Сағындыққызың ұстаздар күнімен шың жүректен құттықтаймыз!    Ұстаз!Қандай қасиетті сөз!  Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Шәкірттерін білім нәрімен сусындадып,тәлім тәрбие беріп,жақсы қасиеттерді бойларына дарытып,адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде Қанат Сағындыққызының еңбегі ұшан теңіз.Ұстаздың алдынан өткен шәкірттерінің бірқатары ұстаздық жолын таңдап,еңбек етуде.Баршаға мемлеткеттік тілді дарытып, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттырған, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздардың бірі.Саналы ғұмырының тең жартысын табан аудармай,жас буынға білім беріп,қазақ тілін үйретуге арнаған Қанат Сағындыққызы біздің жүрегімізден ерекше бір құрметпен орын алады.Өйткені, адам өмірінің өлшемі-өмір сүрген күндерімен ,жылдарымен емес,ғұмырындағы мәнді тірлігімен,елге тигізген пайдасымен,өнегелі істерімен өлшенетіні аңық.Осындай құрметті мамандықтың иесі болып,ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, әріптестерінің арасында сыйлы,үлгі-өнеге болған,талай шәкірттерінің жүрегінен орын алып,тәлімді тәрбие берген ардагер ұстазымыз Қанат Сағындыққызына тілейтініміз еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа,отбасына амандық,қыздарыңыздың ортасында балқыған бақытқа бөлене беріңіз!!Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес.Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп,ауырмай-сырқамай немере-шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіз!Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!